Мемлекеттік хатшы ЕҚЫҰ бағдарламасы офисінің жетекшісімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік хатшы ЕҚЫҰ бағдарламасы офисінің жетекшісімен кездесті

18.02.2015
Мемлекеттік хатшы ЕҚЫҰ бағдарламасы офисінің жетекшісімен кездесті

Еліміз Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бағдарламасының офисімен бірлесіп, әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық бағытта ауқымды жобаларды жүзеге асырады.

Бағдарламаларды іске асыру барысында Қазақстанның мүдделері ескерілмек.

Бұл туралы Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова мен офис жетекшісі Наталья Заруднаяның кездесуінде мәлім болды.

Тараптар адам құқығы, гендерлік теңдік пен этносаралық қатынас төңірегінде әңгіме өрбітті.

Кездесудің қорытындысы бойынша жемісті жобалар жалғаса береді деп келісілді. 

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу