Орал қаласындағы ескірген коммуналдық желілер жаңартылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал қаласындағы ескірген коммуналдық желілер жаңартылмақ

13.02.2015
Орал қаласындағы ескірген коммуналдық желілер жаңартылмақ

Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов өткен жылы атқарылған шаралардың биыл да назардан тыс қалмайтынын  мәлімдей келе, «Әрине, жетістікте бар, кемшілікте жоқ емес. Өткен жылы шаһардағы жолдарды жөндеу бойынша іргелі істер тындырылды»,-деді.  4,9 миллиард теңгеге ұзындығы 44 шақырым болатын 25 көше жаңғыртылғанын нақты цифрлармен көрсетті.

Жаңадан көпқабатты жеті үй салынып, 13-і «Тұрғын-үй коммуналдық кешенін жаңарту» бағдарламасы бойынша жөндеуден өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Тағы бір маңызды сала, биылғы жылы ескірген коммуналдық желілер жаңаға алмастырылмақ.

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу