Қызылжар ауданының тұрғындары ауызсу азабын тартуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылжар ауданының тұрғындары ауызсу азабын тартуда

12.02.2015
Қызылжар ауданының тұрғындары ауызсу азабын тартуда

Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданындағы  7 елді мекеннің тұрғындары ауызсудың азабын тартып отыр.

Тұрғындардың 20 пайызы  орталық су торабының игілігін көре алмай келеді. 

Сонымен қатар,  елді мекенде мемлекеттік  бағдарлама бойынша тұрғын үй құрылысы жүргізілмеген.

Бұл туралы тұрғындар алдында есеп берген аудан әкімі Болат Жұмабеков  мәлімдеді.

Қазіргі уақытта аймақта олқылықтардың орнын толтыру бойынша жұмыстар атқарылуда.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу