Солтүстік Қазақстан облысында түскен қардың қалыңдығы жылдық нормадан екі есеге асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында түскен қардың қалыңдығы жылдық нормадан екі есеге асты

11.02.2015
Солтүстік Қазақстан облысында түскен қардың қалыңдығы жылдық нормадан екі есеге асты

Осының салдарынан өңірде 1 мың шақырымнан астам жолды қар басты. 

Облыс басшылығының араласуымен күре жолдарды тазалау үшін ішкі істер министрлігі аймаққа көмек ретінде 8 техника жіберді.

Қазір ауылдар арасындағы байланысты үзбес үшін 2 мыңнан астам адам жұмыс істеуде.

Бұл мақсатқа 1250 техника жұмылдырылып, қар құрсауында қалғандарды құтқарып, жылыту үшін 315 бекет ұйымдастырылды. Бірақ жолдарды аршуға бұл техника аздық етуде.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

 

 

 

Хабарламаларға жазылу