Қасқырға таланған Аягөз ауданының тұрғыны Аманхан Әміровтің денсаулығы күрт нашарлап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасқырға таланған Аягөз ауданының тұрғыны Аманхан Әміровтің денсаулығы күрт нашарлап кетті

09.02.2015
Қасқырға таланған Аягөз ауданының тұрғыны Аманхан Әміровтің денсаулығы күрт нашарлап кетті

Желдіқара ауылының 43 жастағы азаматы көкжалмен арпалысып жүріп, соңында жыртқыш аңды жеңіп, өлтірген. Кейін ол құтырған қасқыр болғаны анықталды.

Қауіпті індетке шалдыққан түз тағысы Аманхан Аміровтың аяғы мен екі қолын тістеп алған.

Оқыс оқиға болған түннің таңында зардап шеккен ауыл тұрғыны Аягөз ауданының ауруханасына жеткізіліп, оған сол жерде қажетті ем-дом жасалды.

Алайда, қанына құтырма дерті дарыған науқастың жағдайы аяқ астынан күрт нашарлап, жақында оны облыс орталығына жеткізді.

Қазір Аманхан Әміров Өскемендегі 1-ші қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу