Атырау облысының ауылдық жерлері көркейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысының ауылдық жерлері көркейіп келеді

02.02.2015
Атырау облысының ауылдық жерлері көркейіп келеді

Елді мекенде жергілікті тұрғындардың жағдайын жақсарту мақсатында ауқымды істер тыңдырылып келеді.

Атап айтқанда, былтыр ауылдың кіре беріс және ішкі жолдарын жөндеу басталды.

Сондай-ақ, қазынадан арнайы қаржы бөлініп, орта мектеп күрделі жөндеуден өтіп, оның барлық материалды-техникалық базасы жаңартылды. Жергілікті дәрігерлік амбулатория мен клуб жөнделді.

Жалпы, тұрғындар халық алдында есеп берген ауыл әкімінен биыл да түйіткілді мәселелердің нәтижелі орындалуын күтеді.  

 

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу