І топтағы мүмкіндігі шектеулі Марат Қасайынов мал шаруашылығымен айналысуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

І топтағы мүмкіндігі шектеулі Марат Қасайынов мал шаруашылығымен айналысуда

28.01.2015
І топтағы мүмкіндігі шектеулі Марат Қасайынов мал шаруашылығымен айналысуда

Әкесінің қолындағы азынаулақ сиырды көбейтіп қана қоймай, жылқы мен қойды да өсіруде.

Қазіргі уақытта Мараттың тау қойнауындағы шаруа қожалығында 50-ге жуық сиыр, 300-ден астам қой және бір үйір жылқы бар. Осы қыстың басында 10-нан астам өгізді ауылға әкеліп, бордақылауға қойған. Осының арқасында тағы 1-2 адам жұмыспен қамтылды.

Тұғыл ауылы тура Зайсан көлінің жағасында тұр. Халықтың басым бөлігі балық шаруашылығымен айналысқандықтан, тұрғындар етті негізінен басқа ауылдардан сатып алатын.

Мараттың игі бастамасы өзге ауылдастарына да үлгі болып, бүгінде осы мәселе оң шешімін таба бастады.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу