Сенатта «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң жобасы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатта «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң жобасы талқыланды

19.01.2015
Сенатта «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң жобасы талқыланды

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде талқыланған жаңа Заң жобасында осындай тарау бар. 

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» құжат қыз-жігіттердің дамуына жәрдемдесуді, олардың мемлекеттін дамуына белсенді атсалысуына жағдай жасауды қарастырады.

Сондай-ақ, Заң жобасы жастардың еңбек саласындағы құқықтарын қорғауға бағытталған. 

Заңда жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту және  отансүйгіштік сезімін ояту көзделген.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу