Петропавл тұрғындарының үйлерді жаңғырту бағдарламасына көңілі толмауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавл тұрғындарының үйлерді жаңғырту бағдарламасына көңілі толмауда

14.01.2015
Петропавл тұрғындарының үйлерді жаңғырту бағдарламасына көңілі толмауда

«Мемлекеттік бағдарлама  шарапатын әкеле ме десек, керісінше бас ауруына айналып кетті»,- дейді ашынған тұрғындар. Өйткені, төбеден су ағып, үстіңгі қабаттағылардың пәтерлері дымқыл тарта бастаған.

Құрылысшылар болса «бар жұмысты ақпан айына дейін аяқтаймыз»,- дейді.

Өткен жылы қалада бағдарлама бойынша үйлерге жөндеу жүргізген 17 компанияның 4-еуі өз ісіне салғырт қарап, жұмысты тиянақты атқармаған.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу