Сайрам ауданының тұрғыны жерін даулап, әділдік іздеуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайрам ауданының тұрғыны жерін даулап, әділдік іздеуде

12.01.2015
Сайрам ауданының тұрғыны жерін даулап, әділдік іздеуде

Ол сол жерін тоғыз жылдан бері даулап жүр. Оның айтуынша 2003 жылы заңды түрде алған жерін сол ауылдың бір тұрғыны сырттай сатып жіберген.

«Отағасының жол апатына түсіп, мүгедек болып қалғанын пайдаланғандар жалған құжат жасатты», дейді ол.  

Мәселені айтып, аудандық сотқа шағым түсіргенімен заң өкілдері екінші тараптың пайдасына шешім шығарған.

Осыдан кейін жаңа қожайындар Бисембиевтердің тұрғызған шағын баспанасын да бұзып тастапты.

Екі бөлмелі үйді сүруге сот орындаушылар емес, жергілікті полицейлер жұмылған.

Содан бері әділдік іздеп бармаған жеріміз жоқ. Ешкім бізге құлақ асар емес деп ашынады арызданушы. 

 

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу