Баспанасы жоқ азаматтар жұмыс орнына тіркеле алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баспанасы жоқ азаматтар жұмыс орнына тіркеле алады

12.01.2015
Баспанасы жоқ азаматтар жұмыс орнына тіркеле алады

Қазір тіркеуге тұрудың еш қиындығы жоқ. Тіпті, ғаламтор арқылы үйіңізде отырып-ақ мәселеңізді шеше беруіңізге болады.

Пәтер жалдап тұрсаңыз сол үйге тіркелуіңіз шарт. Мысалы, тіркелген мекен-жайыңыз Алматыда өзіңіз Астанада немесе басқа қалада тұрсаңыз, сонда тіркелуіңіз міндет. Яғни, не баспанаңызға не жалдаған үйіңізге ғана тіркелесіз.

Ал егер, белгілі себептермен тұрғылықты мекен-жайыңызға тіркеле алмасаңыз, жұмыс орныңызға тіркеуге отыруға болады.

 

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу