Әділбек Жақсыбеков Астанадағы бірнеше білім мекемелерінің қызмет көрсету сапасымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әділбек Жақсыбеков Астанадағы бірнеше білім мекемелерінің қызмет көрсету сапасымен танысты

09.01.2015
Әділбек Жақсыбеков Астанадағы бірнеше білім мекемелерінің қызмет көрсету сапасымен танысты

Мұнда 9 мыңнан астам баланы қамтитын 109 үйірме бар. Бірнеше пәннен қосымша сабақтар, ән, би, спорт, актерлік шеберлік, не керек бұл жерде оқушының ғылым-білімдегі әлеуетін дамытудың барлық әдістері қарастырылған.

Мұнан кейін қимыл қозғалысы шектелген балалар тәрбиеленетін бақшада болды.

Мекемеде логопед мен дефектологтармен қатар, педиатр, физиотерапевт, ортепед секілді дәрігерлер де жұмыс істейді. 

Әкім кәсіптік-техникалық колледж бен № 6 гимназияға да соқты. Білім мекемелерін аралау барысында ол білім беру ордаларында тамақ сапасына жіті көңіл бөлу керектігін тапсырды.

Сондай-ақ, балабақша тапшылығы мен мектептердің шамадан тыс толық болу да назардан тыс қалмады.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу