Елордада үлескерлер 5 жыл күткен үйлерін даулап жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада үлескерлер 5 жыл күткен үйлерін даулап жүр

05.01.2015
Елордада үлескерлер 5 жыл күткен үйлерін даулап жүр

Құрылысты жүргізген компания мен қалалық басқарма өзара соттасып әлек.

Үйсіз-күйсіз жүрген 50-ге жуық отбасы. Бес жыл бұрын теңгелерін мердігер мекеме шотына аударған.

Бірақ, «Норд-Диалог» компаниясы құрылысты қатырмады, тіпті, қажетті құжаттары болмай шыққан.

Ал, кейін келген компания төрт ай жұмыс істеп, үлескерлерге кілтті үлестірмек болғанда, қалалық басқарма оларды тыйып тастапты.

Мекемелер өзара соттасып жатқанда, қараусыз қалған үйлердің тоз-тозы шығып, тоналып та үлгерген.

Ал, кілттеріне қол жеткізе алмай жүрген тұрғындар басшылық табалдырығын тоздырып жүр. Қалалық құрылыс басқармасы құрылысты төрт айда аяқтаймыз деп уәде беруде.

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу