Үржар аудандық сотының жаңа ғимараты ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үржар аудандық сотының жаңа ғимараты ашылды

05.01.2015
Үржар аудандық сотының жаңа ғимараты ашылды

Салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысқан облыстық сот төрағасы аудандық сот қызметкерлеріне жаңа қызметтік көліктің кілтін табыс етті.

Екіқабатты ғимарат сот даулары қарастырылатын мекемелерге қойылатын барлық талапқа сай келеді.

Сот отырысы өтетін 2 залда дыбыс және бейне жазатын заманауи құрал-жабдықтар орнатылған.

Прокурорлар мен адвокаттарға арналған зал, сондай-ақ, сотқа келушілерге арналған күту орны да бар.

Алдағы уақытта мұндай сот ғимараттарын Шығыс Қазақстанның бірнеше ауданы , Семей және Риддер қаласында салу жоспарда бар.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу