Еңбек адамы көпке үлгі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбек адамы көпке үлгі

05.01.2015
Еңбек адамы көпке үлгі

Мұны кезінде Қазақстаннан тарихи отандарына қоныс аударып, кері қайтып келген жерлестеріміз де қостайды.

Оның үстіне мемлекетімізде кәсіп ашып, еңбек етемін деген адамға жол ашық.

Шағын және орта бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар да жеткілікті. Тек ұйымдастыра білу қажет.

Марина Попова – жеңіл өнеркәсіп саласының маманы. Төрт жыл бұрын ол тарихи отаны Беларусь Республикасына қоныс аударған. Былтыр қайтып келді. Бұрынғы жұмысына орналасты. Қазір полипропиленнен түрлі қаптар тігетін кәсіпорында озат технолог болып жұмыс істейді.

Қабира Сұлтанова еңбек жолын кеңсе қызметкері болып бастаған. Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезінде ол қара жұмыстан қаймықпай қарапайым еңбек адамдарының сапына қосылды.

Адамды адам еткен еңбек. Бірден жалақысы жоғары жұмыс іздейтін жастар осыны түсінуі керек, дейді Қабира Сұлтанова. 

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу