Есмұрзаевтар отбасы үшін Жаңа жыл жақсылықтың жаршысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есмұрзаевтар отбасы үшін Жаңа жыл жақсылықтың жаршысы

31.12.2014
Есмұрзаевтар отбасы үшін Жаңа жыл жақсылықтың жаршысы

Бүгін 6 жасқа толған Әділет пен Медет батыр бастаған, Зере ару қоштаған басты тілек ата-ананың амандығы.

Жасыл шырша қағаз бетінде түрлі-түспен безендірілсе, ал қойлар биылғы жылдың төресі. Өзгелерден ерекшеленетін үшемдер мереке күні алдымен ана тілінде тілектерін жеткізіп, соңыра ағылшынша өлең оқыды.

Халқымызда көп бала шаңырақтың берекесі, ұлттың ұйытқысы. Сондықтан отбасында барлық базарлық балаларға. Ал, ақ дастарханды тәтті-тоқашқа толтырып, мерекелік ас әзірлеуді отанасы дәстүрге айналдырған.

2015 жылы үшемдер мектепке барады. Жақсы білім алып, елінің беделді азаматы болу әрқайсысының асқақ арманы.

 

Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу