Еліміздің үздік соттары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің үздік соттары анықталды

29.12.2014
Еліміздің үздік соттары анықталды

Байқау нәтижесі бойынша аудандық соттар арасында бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысының Семей қалалық соты, екінші орынды Қарағанды облысының Балқаш қалалық соты иеленді.

Маңғыстау облысының Ақтау қалалық соты мен Ақмола облысының Бұланды аудандық сотына үшінші орын бұйырды.

Облыстық және оған теңестірілген соттардың арасында бірінші орынды Солтүстік Қазақстан облыстық соты, екінші орынды Жамбыл облыстық соты, үшінші орынды Павлодар облыстық соты иеленді.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу