Қызылордада «Балапан» бағдарламасының жүзеге асырылуы қарқынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада «Балапан» бағдарламасының жүзеге асырылуы қарқынды

29.12.2014
Қызылордада «Балапан» бағдарламасының жүзеге асырылуы қарқынды

2 мыңға жуық шаңырақ түтін түтетіп отырған Талсуатта әлеуметтік мәселелерде оңды шешімін табуда.

Ауылда балабақша жасындағы 240 бала бар. Соның 90-ы жаңадан ашылған мектепке дейінгі тәрбие орнына тартылды. 4 топ жұмыс істейді.

Ғимарат замануи үлгіде жабдықталған. Әр баланың сапалы тәрбие алуына жан-жақты жағдай бар.

Облыс бойынша «Балапан» бағдарламасының жүзеге асырылу көрсеткіші 2013 жылы 80,9 пайыз болса, биыл 90 пайызға жетті.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу