Діни мазмұндағы 244 сайт жабылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Діни мазмұндағы 244 сайт жабылмақ

24.12.2014
Діни мазмұндағы 244 сайт жабылмақ

Комитет жыл басынан бері ғаламтордағы 8 мыңнан астам сайтты сүзгіден өткізген.

Оның ішінде жоғарыда аталған 244 сайт тиісті сараптама нәтижесінде жат пиғылды деп танылған. Олардың ел аумағындағы жұмысын шектеу туралы ұсыныс тиісті органдарға жіберілген. 

Бұдан бөлек, 100 ден астам бейнематериал теріс пиғылды деп саналып, оларды ел аумағында таратуға тыйым салынған.

Ал, халықтың діни сауаттылығын арттыру мақсатында жыл басынан бері 17 мыңнан астам түсіндіру жұмысы жүргізіліп, 11 мың ақпараттық материалдар мен кітаптар жарық көрген.

Айнұр Әбдірәсілқызы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ директоры:

Еліміздің мұсылмандары үшін дәстүрлі Әбу ханифа мәсхабының негізін салу үшін имам ағзам Абу ханифаның кітаптары шығарды.

Сонымен қатар, еліміздің мұсылмандарының рухани өмірінде үлкен тәрбиелік рөл атқаратын Махамед имам Ғазалидің «Жан тәрбиесі», «Бақытқа жету әліппесі» секілді кітаптарды осы жинақтың аясында жарық көрді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу