Қарасай ауданының тұрғыны Үсенбай Тастанбеков «Құрмет» орденімен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарасай ауданының тұрғыны Үсенбай Тастанбеков «Құрмет» орденімен марапатталды

17.12.2014
Қарасай ауданының тұрғыны Үсенбай Тастанбеков «Құрмет» орденімен марапатталды

Соғыс ардагері, жазушы-журналистке мұндай құрмет егемен елдікті құрасудағы еселі еңбегі үшін берілді.

Қарасай ауданының «Құрметті азаматы» Үсенбай Бахтиярұлын жерлестері өңірдің абыз ақсақалы санайды.

Себебі ол, аймақ тарихындағы тұлғалар, ақын-жазушы, еңбек адамдарын келер ұрпаққа таныстырып, мұра етіп қалдыруға зор үлес қосты.

Ол соғыстан соң, өңірдегі аудандардың газеттерін басқарып, халық пен билік арасындағы алтын көпірдің дәнекері болды.

Зейнетке шықса да қоғам тынысын қалт жібермей, тәуелсіз елдің әр табысына марқайып отыратын қарияның Елбасы құрметіне алғысы шексіз.

 

Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу