Тәуелсіздік күні – бірліктің бастауы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік күні – бірліктің бастауы

16.12.2014
Тәуелсіздік күні – бірліктің бастауы

Әр өңір ұлық мейрамға өзіндік дайындықпен келген. Мәселен, Қостанайлық диқандар дәнді-дақылды артығымен жинағанын мақтан етті. Қамбаға құйылған астық қоры – 4,5 миллион тонна.

Ал, қызылордалықтар ұлтаралық татулықты дамыту бағытында табысты істер атқаруда. Қазір, өңірде 11 этномәдени ошақ бар. Бәрінің мақсаты – тату-тәтті тірлікті үлгі ету.

Қарағандылық «Қазақмыс» кәсіпорыны бүгінгі күнге айтулы жетістікпен жетіп отыр. Жалпы, қазақстандықтар Елбасы ұсынған «Нұрлы жолды» жарқын жаққа бастар даңғыл жол, деп санайды.

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу