Тәуелсіздік толғауы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік толғауы

16.12.2014
Тәуелсіздік толғауы

Елдің еңсесі тік, қазір, Тәуелсіздік алған тұста туып, тәй-тәй басқан бала ат жалын тартып мінген ер жігіт болып өсті. Енді, міне 23 жылда азаматқа айналды. Жұрттың әлеуеті де бұрынғыдай емес, әлденеше әлді. Қазақ қарап жатқан жоқ.

Қаладағы мен ауылдағы ағайыны бар, барлығы қыбырлап, барымен базарлап, еңбек еткені еселі жемісін көріп отыр. Кезінде көшеден күнделікті күйбең тіршіліктен кеудесін көтере алмай, артынып, қап арқалаған адамдарды көрсек, бүгінде бәрі керісінше, өркениеттің кемел көшінен қалмауға талпынған көпшілік керуеніне куәміз.

Сондықтан, жақсылық пен жаңаға ұмтылып, «Нұрлы жолға» бет алған ұлтымыздың ұпайы түгел. Мұны күні кеше Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жариялаған «Тәуелсіздік толғауы» атты ой орамдарынан оқып, бағамдауға болады.

Хабарламаларға жазылу