Тәуелсіздік толғауы – Қазақстан болашағын айқындайтын бағыт - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік толғауы – Қазақстан болашағын айқындайтын бағыт

15.12.2014
Тәуелсіздік толғауы – Қазақстан болашағын айқындайтын бағыт

Мемлекет басшысының Тәуелсіздік туралы толғауы Қазақстан халқының болашағын айқындайтын бағыт, дейді олар.

Өмірбек Бәйгелді, қоғам қайраткері:

Егер дүниежүзінде 2 мың халық болатын болса, соның 200-де ғана Отаны бар. Сондықтан, Тәуелсіздік – қымбат. Біздің ел 1,5 ғасырдан кейін қайтадан өз егемендігіне ие болды. Енді ұрпақ тәрбиелеу керек.

Мақсұт Нәрікбаев, заң ғылымдарының докторы:

Бүгінгі мерекеде Елбасының болшаққа бағытталған сөзі келер ұрпаққа арналады. Егер барлық қазақстандық жұрт «Мәңілік Ел», «Нұрлы жол» сияқты бастамалардың аясында біріксе, сонда көрсетілген мақсаттар іске асады.

Күләш Шәмшидинова, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы:

Тәуелсіздік күні еліміз үшін ең керемет, ең құрметті, ең маңызды мереке деп есептеймін. Біз де Отаннымызбен бірге өсіп, есейіп келеміз. Сондықтан мемлекетіміз «Нұрлы жолмен» нұрлы болашаққа жетеді деген сенімдемін. Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!  

Ермахан Ыбырайымов, Олимпиада чемпионы:

Ата-бабамыз қасық қаны қалғанша күресіп, еркіндікті аңсап кеткен. Алайда сол егемендікті біздің ұрпақ көрді. Несібелі ұрпағына нәсіп болған Тәуелсіздік күні құтты болсын, қазақстандықтар! Бұл біздің басты мейрам. Еліміздің дамуы Елбасымыздың саясаты арқасында деп ойлаймын. Сондықтан біз, қазақстандықтар, көп алғыс айтамыз. Қазақстанның азаматы болу – мақтаныш!

Жасұлан Қыдырбаев, ауыр атлетикадан Әлем чемпионы:

Барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құтықтаймын! Еліміз биіктен көрініп, Қазақстанымыз өрлеп, өсе берсін! Біз бақытты елміз. Оның бәрі Елбасының арқасында деп ойлаймын. Біз де спортшылар өз саламызда мемлекетімізге үлес қосуға тырысамыз!

 

 

Хабарламаларға жазылу