Ұлы күнді ұлықтау! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлы күнді ұлықтау!

15.12.2014
Ұлы күнді ұлықтау!

Ұлы мерекені тұтас ел ұлықтауда. Елордада Тәуелсіздік күніне орай дәстүрлі жиын өтті.

«Бұл күн өз тағдырымызға өзіміз қожалық етіп, болашағымызды өзіміз айқындауға қолымыз жеткен ұлы күн»,- деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев.

«Тарихи әділет салтанат құрып, азаттық үшін төгілген өлшеусіз қанның өтеуі қайтқан ұмытылмас күн», - деп жалғастырды Елбасы.

Қалың елді қасиетті мерекемен құттықтаған Мемлекет басшысы халықаралық мәселелерге тоқтала отырып, аумалы-төкпелі кезең туғанын, бізге де оңай болмасын меңзеді.

 

Е. Таңатқанұлы. Ж. Досмағанбет. Д. Әлібек. А. Бекетаев

Хабарламаларға жазылу