Қызылорда облыстық медициналық орталығы – Тәуелсіздіктің төл туындысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облыстық медициналық орталығы – Тәуелсіздіктің төл туындысы

15.12.2014
Қызылорда облыстық медициналық орталығы – Тәуелсіздіктің төл туындысы

1998 жылы аурухананың ашылу салтанатына Елбасы қатысты, зәулім де сәнді ғимараттың лентасын қиды.

540 орындық ауруханаға күні-түні, үздіксіз науқастар келіп түседі. Өйткені, мұндағы 26 клиникалық бөлімшенің мүмкіндігі кең.

Көпсалалы емдеу мекемесінде әрбір науқасқа жоғары деңгейде сапалы ем көрсетіледі.  

Тәуелсіздікпен бірге жасасып келе жатқан медициналық орталық осылайша талай жанның өміріне араша болды, мыңдаған науқастың өмірін ұзартты.

Сондықтан да халық егемен елдің төл туындысын – «Денсаулықтың ақ ордасы» деп атайды.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу