«Көкжайлау» тау-шаңғы демалыс аймағында құрылыс жұмыстары басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Көкжайлау» тау-шаңғы демалыс аймағында құрылыс жұмыстары басталады

13.12.2014
«Көкжайлау» тау-шаңғы демалыс аймағында құрылыс жұмыстары басталады

Алдағы жылы «Көкжайлау» тау-шаңғы демалыс аймағында құрылыс жұмыстары басталады. Инфрақұрылым тартылып, Алматының туризм аумағы кеңеймек. «Көкжайлау» тау-шаңғы курортының басшысы Лукас Маршанд журналистерге берген сұхбатында осылай, деп мәлімдеді. Осы жазда білікті мамандар демалыс орнының жобасын толық сызып шыққан. Енді сол қағазға түскен сызбаны ақиқатқа айналдыру ғана қалды. 2015 жылы құрылыс жұмыстары басталып, 2-3 жылда Алматы қонақтары мен тұрғындары жаңа демалыс аймағына барып сұлу табиғат аясында демалуға мүмкіндік алады.

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу