Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде Қазақ елінің қадір-қасиеті төрткүл дүниеге бірлігімен танылып келеді. Елдігімізді, мемлекеттігімізді бүкіл әлемге паш еткен Тәуелсіздігіміз республика өміріне елеулі өзгерістер енгізді.
Елдегі саяси тұрақтылық пен экономикалық даму мемлекетімізді өркениетті әлем тарапынан танытты.
1998 жыл
1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының жұртшылығының тілегі ескеріліп, ҚР Үкіметі жанындағы ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде Ақмола атауын Астана қаласы деп өзгерту туралы Президент Жарлығы шықты.
1998 жылдың 1 маусымында - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері құрылды.
1998 жылы 10 маусымда тұңғыш рет жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып, Астана күні тойланды.
1998 жыл – Қазақстанның ұлттық тарихы мен бірлігі жылы. 1998 жылы 6 шілдеде ХХІ ғасырға бағытталған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында мәңгілік достастық пен одақтастық туралы декларацияға қол қойылды.
1999 жыл
1999 жыл – Ұрпақтар бірлестігі мен сабақтастығы жылы.
1999 жылдың 10 қаңтарында мерзімінен бұрын өткізілген президенттік сайлауға қатысқан дауыс берушілердің 79,78 %-ы Н.Ә.Назарбаевты қолдады.
1999 жылдың шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды.
2000 жыл
2000 жыл – «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды.
2000 жылы 29 маусымда Семей ядролық сынақ полигоны біржола жабылды.
2000 жылы 1 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының тәуелсіз сот жүйесін күшейту жөнінінде» Президент Жарлығы шықты.
2000 жыл Елбасы Жарлығымен «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.