«Желтоқсан – тәуелсіздік жаңғырығы» көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Желтоқсан – тәуелсіздік жаңғырығы» көрмесі ашылды

12.12.2014
«Желтоқсан – тәуелсіздік жаңғырығы» көрмесі ашылды

1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан сыр шертетін суреттер мен құжаттар, тарихи дәйектер көпшілік назарына ұсынылды.

Көрме 2 бөлімнен тұрады: Бірі – «Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың жеке кешендері», екіншісі – «Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан» деп аталды.

Тағылымды шара – жас буынды ұлтжандылыққа, патриоттыққа, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғынуға үндейді.

Көрме аясында деректі фильм көрсетіліп, желтоқсан куәгерлері оқушыларға егемендіктің ерен еңбекпен келгендігін баяндап, тәуелсіздікті ту етіп ұстауды аманаттады.

 

Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу