Алматыны қалың қар басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыны қалың қар басты

08.12.2014
Алматыны қалың қар басты

Табиғаттың тосын мінезіне сақадай сай отырған жергілікті билік халықты әбігерге салмай қарды тазалауға тездетіп кірісті.

Мәліметке сәйкес, 417 арнайы техника жұмылдырылып, шаһар көшелеріне 5200 тонна құм септі.

Мыңға жуық маман түннен бері қала сыртына 1360 текше метр қар шығарды. 

Орталық көшелердің басым бөлігі тазаланып, қоғамдық көліктер толассыз қатынауда. Қала маңындағы тазарту жұмыстары әлі де жалғасуда.

 

Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу