Қызылордада 94 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада 94 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

18.11.2014
Қызылордада 94 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Бұл өткен жылмен салыстырғанда  25 пайызға  артық.  Мемлекеттің қолдауымен бой көтерген  баспанаға бірінші кезекте халықтың әлеуметтік аз қамтылған бөлігі қол жеткізуде.

Қызылорда қаласында 2005 жылы пәтер алу кезегінде 397 адам болса, қазір 15 мыңға жуықтайды. Сәйкесінше, өңірде құрылыс та қарқынды жүріп жатыр.

Биылдың өзінде 22 үй пайдалануға берілді, яғни, 750 отбасы қоныс тойын тойлады.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

 

  

Хабарламаларға жазылу