«AgriТek Shymkent 2014» ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«AgriТek Shymkent 2014» ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды

14.11.2014
«AgriТek Shymkent 2014» ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Шетелдіктер шаруаларға негізінен агроөнеркәсіп кешеніне арналған техникаларын ұсынды.

Мәселен, заман талабына сай жер тыңайту мен суару техникалары, өсімдіктен қорғану құралдары, мал шаруашылығына арналған басқа да жабдықтарды көруге болады.

Жәрмеңкеге қойылған ауыр техниканың тең жартысы - Қазақстанда жасалған. Бұл шара елімізде осымен үшінші рет өткізіліп отыр.

Оған Оңтүстік Қазақстан облысынан мыңға тарта және Қызылорда мен Жамбыл облысының фермерлері келді.

Үш күнге созылатын жәрмеңкеде  диқандар өзіне қажетті техниканы шығарушы компаниямен тікелей келісіп, арзан бағаға сатып алуына мүмкіндік бар. 

Сапарбек Тұяқбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:

Біз агро-индустриялды аймақтар жобасы аясында осы технологияны көрмеге әкеліп қана қоймай, кәсіпорынға енгізу бойынша бірнеше кәсіпорынмен келісімге келіп отырмыз.

 

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу