Ақтөбе облысының Бесқоспа ауылына көгілдір отын берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысының Бесқоспа ауылына көгілдір отын берілді

01.11.2014
Ақтөбе облысының Бесқоспа ауылына көгілдір отын берілді

Сөйтіп жыл санап өсіп, өркендеп келе жатқан елді мекен тұрғындарының көптен күткен арманы орындалды.  Тұрғындар үшін отын жағып, күл шығарған бейнетті күндер көрген түстей артта қалды. 

Бесқопа Ақтөбе агломерациясына енген ауылдардың қатарында. Биыл «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы  аясында 4 көше жарықтандырылды.  Келер жылы ауызсу мәселесі де шешіледі. Алдағы күннің еншісінде Бесқоспаның бас жоспарын өзгерту міндеті тұр. Яғни, 600-ден астам жаңа үйдің құрылысы жүргізіліп ауылдың аумағы кеңи түспекші.

Жақсыбек КЕМАЛ  

Хабарламаларға жазылу