Назарбаев университетінде жұмыс жәрмеңкесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назарбаев университетінде жұмыс жәрмеңкесі өтті

01.11.2014
Назарбаев университетінде жұмыс жәрмеңкесі өтті

Бүгін Назарбаев университетінде жұмыс жәрмеңкесі басталды. Оқу орнының қолдауымен ұйымдастырылған шараның мақсаты – жоғары білімі бар болашақ мамандардың қызметке орналасуына көмек көрсету. Жәрмеңкеге техникалық және гуманитарлық бағытта білім алатын 500-ден аса студент пен жүзден астам сан саладағы отандық және шетелдік компаниялар қатысты.

Бұл шара Астанада екінші рет ұйымдастырылып отыр. Алғашқы жәрмеңке нәтижесінде, тәжірибеден өтуге 850 орын бөлініп, іріктелген 760 студенттің жартысы жұмыспен қамтылды. 

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу