Қазақстанда ювеналды сот жүйесі дамып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда ювеналды сот жүйесі дамып келеді

31.10.2014
Қазақстанда ювеналды сот жүйесі дамып келеді

Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Сот төрелігін балаларға ілтипатпен дамыту» атты конференцияда айтылды.

Шараның мақсаты – Біріккен Ұлттар Ұйымының «Бала құқықтары туралы» конвенциясына қосылғаннан кейін балалардың мүдделерін қорғау бойынша сот төрелігінің жетістіктерін талқылау, тәжірибе алмасу және кәмелетке толмағандар үшін сот төрелігін жетілдіру.

Жиынға бірнеше елден жалпы саны 120 делегат қатысты. «Қазақстандағы ювеналды әділет» пилоттық жобасының мақсаттары 2001 жылы бекітілген болатын. 

 

Саламат ОМАШ

Хабарламаларға жазылу