Ақмола облысындағы Қараөткел ауылында жарық жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысындағы Қараөткел ауылында жарық жоқ

28.10.2014
Ақмола облысындағы Қараөткел ауылында жарық жоқ

Ақмола облысы, Целиноград ауданының Қараөткел ауылында не жол, не жарық, не ауызсу жоқ.

Ильинка аталып кеткен селолық округте бұдан басқа шешілмеген мәселелер шаш етектен.

Өкініштісі, мекенге аудан әкімі бірде-бір рет бас сұқпаған. Жергілікті халық солай, дейді. Тұрғындар журналистерден көмек сұрады. 

Қараөткелде қазір 30 мың адам түтін түтетіп отыр. Астанаға жақын болған соң, жыл сайын жаңа үйлер де көптеп бой көтереді. Тұрғын саны артқанымен, тұрмыстық жағдайлары мәз емес.

Алмат ӘБДІРАМАН

 

 

Хабарламаларға жазылу