Қазақстанға көшіп келуші ағайынның саны соңғы жылы азайып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға көшіп келуші ағайынның саны соңғы жылы азайып кеткен

28.10.2014
Қазақстанға көшіп келуші ағайынның саны соңғы жылы азайып кеткен

Елімізге көшіп келуші ағайынның саны соңғы жылы азайып кеткен. Бұл туралы бүгiн Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте айтылды

Мамандардың мәлімдеуінше,  жалпы,Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға 950 мың қандас, 258 мың отбасы көшiп келген.

Елге қайтқан азаматтардың 61 пайызы Өзбекстаннан, 12 пайызы Қытайдан, 12 пайызы Моңғолиядан қоныс аударды.

2012 жылы  39 мың адам келсе, 2013 жылы  35 мың және биылғы жарты жылда тек 7 мың азамат келген.

Сондықтан, Көші-қон Заңына өзгеріс енгізілді.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу