Бос орындарға мәслихат депутаттары сайланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бос орындарға мәслихат депутаттары сайланады

23.10.2014
Бос орындарға мәслихат депутаттары сайланады

Астана мен Алматыдан басқа өңірлерде түрлі себепмен орнынан босап қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау өтеді.

Осылайша қазанның 26-сы күні 2 облыстық, 15 қалалық және 31 аудандық маслихат депутаты сайланады. Барлығы – 48 бос орын.

Бұл орындарға республика бойынша 138 үміткер таласатын болады. Ертең үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары аяқталады.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу