Оңтүстік Қазақстан облысында «Дархан» шекара бекеті ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында «Дархан» шекара бекеті ашылды

20.10.2014
Оңтүстік Қазақстан облысында «Дархан»  шекара бекеті ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысында  жаңа үлгідегі «Дархан» шекара бекеті ашылды. Бекет сарбаздары енді 15 шақырымнан астам аумақты күзетеді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы орынбасарының айтуынша,  шекара бойындағы құқықбұзушылық бүгінде 22 пайызға төмендеген.

Алдағы уақытта осындай 7 застава бой көтермек.

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу