Арыс қаласының жұрты амалсыздан көпқабатты апатты үйде тұруда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыс қаласының жұрты амалсыздан көпқабатты апатты үйде тұруда

16.10.2014
Арыс қаласының жұрты амалсыздан көпқабатты апатты үйде тұруда

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласындағы бес қабатты үйдің тұрғындары жергілікті билікке өкпелі. Себебі апаттық жағдайда тұрған үйлері қайта жаңғырту бағдарламасына ілінбей қалыпты.

Қазір шатырының жартысы жоқ үйде 200-ге тарта адам амалсыздан тұрып жатыр. Айтеке би көшесіндегі №66 шы үй 35 жыл бұрын пайдалануға беріліпті. Содан бері бес қабатты баспананың барлық ақауын тұрғындар өздері жөндеп келгенін айтады.

Алайда соңғы жылдары әбден тозығы жетіп, жарамсыз күйге жеткен. Шатырлары тесіліп, жартысына жуығын жел ұшырып кетіпті. Оның үстіне көпқабатты  үй орталықтандырылған жылудан да ажыратылғалы қашан.

Жергілікті билік болса бұл үйді қайта жаңғырту бағдарламасына енгізу үшін тұрғындардың өзі жүгіру керек дейді. Себебі мұндағы жұрт кезінде мемлекеттік жекеменшік пәтер иелерінің кооперативі қызметінен бас тартқан екен.

Айнұр АҚБАЕВА    

 

Хабарламаларға жазылу