Ақтөбедегі ең жас батыр ана көмек күтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбедегі ең жас батыр ана көмек күтеді

13.10.2014
Ақтөбедегі ең жас батыр ана көмек күтеді

Тоғызыншы сәбиіне аяғы ауыр ақтөбелік жас ана бала-шағасымен бірге мал бағатын қожалықтағы аядай баспанада тұрып жатыр. 32 жастағы Айсәуле Сатыбалдиева облыс орталығынан жалдауға пәтер таба алмаған.

Амалы таусылған батыр ана Ақтөбеден 35 шақырым жерде орналасқан Қайыңдысай ауылында тұрады. Бұл отбасы Ақтөбеге Мұғалжар ауданынан келген. Облыс орталығынан жалдап тұруға пәтер таппаған соң, ауыл шетіндегі баспананы алты айдан бері уақытша паналап отыр.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу