Ақтөбеде 5 жасар бала жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде 5 жасар бала жоғалып кетті

13.10.2014
Ақтөбеде 5 жасар бала жоғалып кетті

Таңертең есік алдына ойнауға шыққан 5 жасар ақтөбелік Темірлан Сандыбаев із-түзсіз жоғалып кетті. 15 минуттан кейін артынан шыққан анасы ұлын таппай қалған.

Сандыбаевтар отбасы қалада үй жалдап тұрып жатыр. Темірлан – 3 баланың кенжесі. Полиция қызметкерлері мен көрші-қолаң дереу сол маңайдағы аулалар мен қалтарыс, қуыстарды жұмыла тінтіп шыққан. Тіпті кәріз құдықтарының да бәрін қараған.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу