Егін орағы созылып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Егін орағы созылып барады

10.10.2014
Егін орағы созылып барады

Қостанай облысында үздіксіз жауынның салдарынан егін орағы созылып барады.  Бүгінге дейін алқаптағы астықтың 70 пайызы ғана жиналып алынған. Оңтүстік аудандар науқанды аяқтағандарымен, теріскей жақ жиын-терінді енді ғана орталады. Әсіресе, Меңдіқара, Ұзынкөл аудандарында астық жинау барысы тым баяу. Ауа райы мұрсат бермей тұр. Соңғы екі-үш күнде ғана осы аймақтарда 26 милиметрге дейін ылғал түскен. Бұл орташа айлық нормадан көп. Өнім шыққан дәнді ысырап етпеу үшін солтүстік аудандарға оңтүстіктен 126 комбайн көмекке жіберілді. Алайда қанша күш салғанмен, науқан әлі екі-үш  аптаға созылуы мүмкін, дейді мамандар. Астық сапасы да әдеттегіден төмен. Элеваторларға тапсырылған 880 мың тонна бидайдың тек 76 пайызы 3 класты. Ылғалдылығы да тиісті мөлшерден тым артық.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу