Шымкентте Қытайдан келген екі жұмысшы өндіріс орнында күйіп қалды
Шымкентте Қытайдан келген екі жұмысшы өндіріс орнында күйіп қалып, біреуі қайтыс болды. Оқиға индустриялық аймақтағы «Амир-А» арматура зауытында болған.
Темір балқытып жатқанда, сұйықтық жұмысшылардың үстіне шашырап кеткен. Соның салдарынан біреуінің денесін 95 пайыз, ал екіншісін 60 пайыз күйік шалған.
Ауыр жарақат алғандарды зауыт қызметкерлері өз көліктерімен ауруханаға жеткізген. Алайда, дәрігерлер 41 жастағы науқасты аман алып қала алмады.
Қазір келеңсіз жәйттың себебін анықтау үшін еңбек инспекциясы тарапынан арнайы комиссия құрылып, тексеру жұмыстары басталып кетті.
Айнұр АҚБАЕВА
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ҰБТ жүйесі: Грантқа түсу шарттары қалай өзгереді?
19.04.2026, 21:26
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04