Жамбыл облысында «Үздік сержант» байқауы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында «Үздік сержант» байқауы аяқталды

04.10.2014
Жамбыл облысында «Үздік сержант» байқауы аяқталды

Бір аптаға созылған сайыста әскерилер 15 аталым бойынша сынға түсіп, жүзден жүйрік шыққандарға алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табысталды. 

Конкурстың басты мақсаты - әскери қызметшілердің теориялық білімдері мен кәсіби біліктілігін арттыру. VІ Бүкілармиялық додаға сержанттардан бөлек, алғаш рет әскери мамандар да қатысып отыр.

Кіл жүйрікті анықтайтын сайыста 35 адамнан құралған қорғаныс министрлігінің комиссиясы төрелік етуде.

Дәстүрге айналған «Үздік сержант» байқауы келер жылы да ұйымдастырылмақ. Алдағы уақытта жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табыстау жоспарда бар, дейді мамандар.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу