Құқық қорғау саласының ардагерлері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құқық қорғау саласының ардагерлері марапатталды

03.10.2014
Құқық қорғау саласының ардагерлері марапатталды

Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінде ардагерлерге  құрмет көрсетілді. Қарттарды қолдау айлығы мен қылмыстық іздестіру қызметкерлері күніне тұспа-тұс келген мерекелік шарада талай жыл құқық қорғау саласында адал еңбек еткен қарт полицейлерге сыйлықтар табысталды.

Солардың бірі - Магомедовтер отбасы. «Мерейлі отбасы» байқауында жеңімпаз атанған бұл әулеттің төртінші буыны  полицияда еңбек етуде.

Ал, Иван Шипп кәсіби мерекесі қарсаңында 90 жасқа толмақ. Соғысқа қатысқан қарт майдангер, елге оралысымен құқық қорғау саласына жұмысқа тұрған. Қарапайым учаскелік инспектордан бастаған ол, жедел іздестіру бөлімінде еңбек еткен. Бүгінде отставкадағы полковник. Оған «Беларусь елінің азат етілгеніне 70 жыл» медалі тағылды.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу