Павлодарлық полицейлер қарияларды құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық полицейлер қарияларды құттықтады

02.10.2014
Павлодарлық полицейлер қарияларды құттықтады

Павлодарлық полиция облыстық қарттар үйіне барып қарияларды мерекемен құттықтады.. «Туған күнімді үйімде емес, мемлекеттік мекемеде қарсы аламын,-деп әсте ойлаған емеспін»,- дейді 93 жасқа толған Надежда Горячкина.

Тағдырдың жазуы шығар, туған–туыстары тегіс бақилық болды.  10 жылдан бері қария мемлекет қамқорлығында. Қазір Павлодардағы қарттар үйінде 300-ге тарта адам тұрады. Олар өз заманында еліміздің дамуына үлес қосты. Аға буын өкілдері полиция қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.

Болат АМАНБАЕВ 

Хабарламаларға жазылу