Тараздық жасөспірім үйді қорғайтын жаңа жүйе ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараздық жасөспірім үйді қорғайтын жаңа жүйе ойлап тапты

01.10.2014
Тараздық жасөспірім үйді қорғайтын жаңа жүйе ойлап тапты

Тараз қаласында тұратын Данил есімді мектеп оқушысы тұрғын үйлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бақылау жүйесін ойлап тапты.

Жас өнертапқыштың бұл ғылыми жаңалығы қарапайымдылығымен ерекшеленеді.

Сондай-ақ, бағасы қазір қолданыста жүрген қауіпсіздік жүйелерінен екі-үш еседей арзан. Жасөспірімнің бұл еңбегіне қазірдің өзінде ресейлік мамандар қатты қызығушылық білдіріп отыр.

Қазір 10 сыныпта оқитын Данилдың арманы – асқақ, мақсаты – айқын. Келешекте радиоэлектроника және бағдарлама түзуші мамандықтарын қоса игеріп, сол саланың білікті маманы атансам, дейді.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу