Халықаралық қарттар күніне орай мейірімділік айлығы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық қарттар күніне орай мейірімділік айлығы жарияланды

01.10.2014
Халықаралық қарттар күніне орай мейірімділік айлығы жарияланды

Шығыс Қазақстан облысындағы қариялар құрмет пен қошеметке бөленді. Өңірде мейірімділік айлығы жарияланып, жастар мен әртүрлі мекеме ұжымдары қарияларды құттықтауда.

Өскемен қаласындағы № 44 қазақ мектебінің оқушылары Бижамал Шағиеваға гүл сыйлап, жылы лебіздерін жеткізді. Сонымен қатар, 103 жастағы кейуананы қалалық әкімдік қызметкерлері де құттықтады.

Бижамал Шағиева сұрапыл соғыс жылдарындағы ерен еңбегі үшін көптеген төсбелгімен марапатталған.

Соғыс аяқталған соң ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеген әже бүгінде 3 баласынан 8 немере, 16 шөбере және 4 шөпшек сүйіп отыр. Қазір Өскеменде жасы 100-ден асқан осындай 8 қария бар.

Берік КӨШЕРБАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу