Оңтүстік Қазақстанда тоқтап тұрған зауыт іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстанда тоқтап тұрған зауыт іске қосылды

29.09.2014
Оңтүстік Қазақстанда тоқтап тұрған зауыт іске қосылды

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданында бір жыл бұрын тоқтап қалған томат зауыты қайта іске қосылды. Өндіріс орнын қолға алған аграрлы компания қыруар қаражат жұмсап, қызанақ өңдей бастады.

Айта кетейік, бұл зауытты 2008 жылы Мемлекет басшысы өзі келіп ашқан болатын. Алайда кәсіпорын өзін-өзі ақтай алмай, жұмысын тоқтатқан еді.  Осы жағдайдан хабардар болған Президент оңтүстікке келген сапарында өңір басшыларын сынға алып, зауытты қайта жүргізуді тапсырған болатын.

Айнұр АҚБАЕВА  

Хабарламаларға жазылу