Алматыда қазақ тілді сайттардың мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қазақ тілді сайттардың мәселесі талқыланды

29.09.2014
Алматыда қазақ тілді сайттардың мәселесі талқыланды

Мемлекеттік тілдегі веб-ресурстар қатардан қалмауы үшін мазмұны бай, сапасы заманға сай болуы қажет. Сонда елдегі интернет кеңістік ұлғайып, қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарының беделі артпақ.

Бұл туралы бүгін Алматыда баспа бұқаралық ақпарат құралдарын интернетке шығару жобасы аясында ұйымдастырылған жиында айтылды.

Дәстүрлі конференцияда интернет-редакциялардың құрылу принциптері мен мультимедиялық журналистиканың маңыздылығы айтылып, интернет жүйесіндегі авторлық құқық пен интернет-ресурстардың монетизациясы талқыланды.

Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу